Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

 «Зекет» қоры: Рамазан айына дайындық пысықталды

www.muftyat.kz 03.05.2019 752 0 пікір

Жуырда «Зекет» қорының өкілдері елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында бас қосты. Рамазан айына қатысты жиналысқа ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғилымбек Жәдігерұлы қатысып, Зекет өкілдерінің жұмысының маңыздылығы жайында еске салып, алдағы уақытта жемісті жұмыс атқаруды тіледі.

Жиналыс барысында «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы биылғы жылдың І тоқсанындағы есеп бойынша түрлі бағытта көрсетілген көмек мөлшері 56 млн теңгеге жеткендігін айтып өтті. Рамазан айында атқарылуы тиіс шаралар талқыланып, маңызды мәселелер дауысқа салынды. Бас кеңсе дайындаған зекет жайлы ақпарат жазылған баннерлер мен Рамазан кестесі бар бүктемелердің үлгілері өкілдіктерге таратылып, басқа да нақты тапсырмалар берілді.

Рамазан – зекет айы. Олай болса, бес парыздың бірі болған зекетті жинау және оны мұқтаж жандарға тарату ісімен айналысатын «Зекет» қоры алдағы уақытта да сауапты әрі маңызды жұмысын жалғастырмақ.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат