Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Семейде Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 03.05.2019 291 0 пікір

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат қаламыздағы БАҚ өкілдерін, күллі мұсылман қауымы айрықша құрмет тұтатын айлардың сұлтаны Рамазан айымен құттықтады.

Мәслихат барысында ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Ораздың қасиетті Рамазан айына байланысты ел мұсылмандарына үндеуі мен құттықтауы оқылды.

Бұл айда мейлінше қайырымдылық шараларын көбірек өткізу қажеттігіне өкіл имам ерекше тоқталды. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Орта Азия мүфтилер кеңесімен бірлесе отырып, биылғы 2019 жылғы Рамазан айының басталуы 6 мамырға дәл келетіні туралы шешім қабылдағанын айта келе өкіл имам: «Биылғы жылы Рамазан айы 30 күнге созылады. Ораза ұстаған зиялы қауым өкілдеріне, қарттарға, БАҚ өкілдеріне, мешіт жамағаттарына ауыз ашар ұйымдастырылады",-деді.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде пітір садақаның құны 300 теңге болып белгіленгенін, ораза ұстаудың тәртібі туралы кестенің үлгісімен таныстырды. Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Рамазан тәрбие ай екенін ескертіп, ораза ұстауға шақырды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат