Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінде теология мамандары да оқытылмақ

nmu.kz 03.05.2019 397 0 пікір

Исламтану, дінтану, енді дін ілімін қамтыған теологиялық мамандық даярлауды қолға алған Нұр-Мүбарак университетіндегі білім алудың артықшылықтары арта түсуде. Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев: "Теология мамандығы бойынша бакалавриат дәрежесі 4 жыл, ал екінші жоғары білім ретінде теология мен дінтану мамандықтары 2 жыл қысқа мерзімде кешкі бөлімде оқытылады. 2 жыл бойы күндізгі бөлімнің талабымен дәрістер толық қамтылады, ал дипломда «кешкі» деген ешқандай көрсеткіш жазылмайды, яғни диплом күндізгі бөлімнің деңгейінде", — деді.

Еліміздегі дін мамандарына сұраныстың артуына орай, Нұр-Мүбарак университетінің түлектеріне деген сұраныс өте жоғары. Студенттерге түрлі аймақтар мен құзыретті өкілдіктер келіп арнайы жұмыс орындарын ұсынып, келісім жасайды.

Ал биылғы жоғары оқу орындарына қабылдау науқанының 1 сәуір мен 10 мамыр күні аралығына ауысуына орай Нұр-Мүбарак университетіне колледж-медреселер, орта мектептің бұрынғы түлектерінен құжат қабылдау жүріп жатыр, соңғы күн – 10 мамыр. Ал биылғы орта мектептің Ұлттық бірыңғай тестілеу емтиханынан өткен түлектерінен құжат қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Сондай-ақ, осы кезеңде өзге ЖОО-ға құжат тапсырып, ҰБТ сертификатын алған талапкерлер Нұр-Мүбарак университетінде исламтану, дінтану, теология, екі шет тілі (араб, ағылшын) салалары бойынша мамандануды ниет етсе, 20 маусым мен 7 шілде аралығында да Нұр-Мүбарак университетіне ҰБТ сертификатымен құжат тапсыра алады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат