Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алтынбек Ұтысханұлы атыраулық жастармен кездесті

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметі 03.05.2019 379 0 пікір

Атырауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы орталық "Иманғали" мешітінде жастар жамағатымен жүздесті. Шам намазынан кейін өткен кездесуде "Жастар және дін" тақырыбында уағыз айтқан ұстаз жастарды уақыттың қадірін білуге шақырды.

"Уақыт Алла Тағаланың бізге берген шексіз нығметі. Оны не өз игілігімізге жаратамыз не болмаса зая кетіріп, өзімізге масыл етеміз. Сол үшін де Алла алдында жауап береміз. "Ей, Адамның ұрпағы, сен бұл сенің күндерің. Күнің өткенде, онымен бірге сенің өмірің де кетеді" деген аманат бар. Ендеше, әр мұсылман баласы уақытын ілім алуға, дұғада болуға және жақсылық жасауға арнағаны абзалырақ",- деді ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат