Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Плоггингпен Нұр-Мүбарак студенттері алматылықтарды таң қалдырды

nmu.kz 02.05.2019 638 0 пікір

Қазақстан халықтары бірлігі күнінің құрметіне орай Нұр-Мүбарак университетінің студенттері Алматы көшелеріне тазалық жасады. Плоггинг – яғни студенттер спорттық киім киіп, қолдарына  қапшық ұстап қоршаған ортаны, көшелердегі қоқысты тазалады.

Швециядан бастау алып әлемдік трендке айналған бұл шараны елімізде алғашқылардың бірі болып Нұр-Мүбарак университетінің студенттері қолға алуда.  Плоггингтің мақсаты – салауатты өмір салты мен қоршаған ортаға қамқорлықты үйлестіру. Нұр-Мүбарак студенттері плоггингті университетке көрші аудандардан бастады. Себебі ата дінімізде «Көрші ақысы – құдай ақысы» деген ұстанымға сай әуелі көрші көшелердің тазалығына көңіл бөліп, қала тұрғындарын тәнті етті. Көшедегі жұртшылықтың назарын аударған бұл игі бастамаға әсіресе, қарт кісілер таң қалысып, жөн сұрап, ризашылықтарын білдіріп, баталарын жаудырды.

Нұр-Мүбарак университетіндегі «Еріктілер» тобының басшысы Айдос Әсет плоггингті болашақта тұрақты түрде қоршаған орта тазалығы үшін қолданатынын айтты. Бұл Алматының әсемдігін сақтап қана қоймай, жастар бойында жауапкершіліктің, тұрғындар арасында жақсы дәстүрдің қалыптасуы секілді көптеген игі істерге бастама болары сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат