Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Дубай мектептері Рамазанға дайындалуда

kazislam.kz 30.04.2019 421 0 пікір

Дубайда Адамзат дамуы және білім мәселелері жөніндегі басқарма (KHDA)  Рамазан айында әмірліктегі мектептерге жаңа кесте енгізді, деп хабарлайды Islam.ru.

Басқарма өкілі Мұхаммед Дарвиш Рамазан айында сабақ кестесі 8:00-ден 8-30-ға аралығында басталып, 13:00 және 13:30 аралығында аяқталатынын хабарлады. Осы уақытта мектепте сабақ аралығында ең қысқа үзілістер қойылады. Бір күндегі оқу сағаты оқушылар үшін 5 сағаттан аспауы тиіс.

Ал ораза ұстаған оқушылар денешынықтыру сабағынан және басқа да физикалық белсенділікті қажет ететін пәндерден босатылады. «Барлық оқушылар әлсіреу қаупінен қорғалуы қажет» дейді М.Дарвиш.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат