Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ИМАМДАР ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ жанындағы Ислам институтының баспасөз қызметі 15.04.2019 427 0 пікір

Қазақстан  мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына білімі мен тәжірибесін шыңдауға келген имамдар шетелдік ғалымдармен кездесті.

Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Нурбой Жабборов пен экономика ғылымдарының  кандидаты Нуриддин Давганов имамдармен кездесіп, түркі тілдес елдерге ортақ әдеби мұра мен қарым-қатынас құралы болып табылатын – тіл мәдениеті жайында  сұхбат жүргізді.

Ислам институтының директоры Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы:

«Түркі тілдес халықтар арасындағы тарихи-мәдени оқиғаларды  және рухани құндылықтарды насихатту – кереғар діни ағымдардан сақтаудың бірден-бір жолы. Себебі, Орта Азия халқының өмір сүру салт-санасы мен дәстүрі имам Матуриди сенімі мен имам Ағзам Әбу Ханифа шариғи мектебімен бітеқайнасып, қалыптасқан. Институтымыз аталмыш ортаазиялық дәстүрлі діни мектепті халыққа насихаттауда  бірегей үлгі көрсетіп отырған оқу ордасы» - деп негізгі оқу мазмұнын өткенмен сабақтастырып отырудың маңыздылығын айтты.

Жиынға қатысқан ғұламалардың қатарында Ислам институтының  филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей мен "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті, Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Сейдмухаммед Абдунаим мырзалар да қатысты.

Кездесу соңында институт директоры келген қонақтармен іскерлік қарым-қатынастың жалғасатынын білдіріп, имамдарды үнемі білімге ұмтылуға шақырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат