Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Жаңақалада сайыс өтті

Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі 15.04.2019 108 0 пікір

Алла Тағаланың 99 көркем есімдерінің мағынасын білу, жаттау және онымен амал ету мақсатында Жаңақала аудандық мешітінде «Алланың көркем есімдері» атты сайыс ұйымдастырылды. Оған 4-13 жас аралығындағы 25 бала қатысты.

Сайысты аудандық мешіттің бас имамы Ерік Сұлтанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бүлдіршіндердің білімін бағалап, үздігін анықтау төрелігі аудандық мешіттің бас имамы Ерік Сұлтанов пен наиб имам Нұрлыбек Ақмергенұлы, белсенді азамат Аманат Тілекқабылұлына жүктелді. 

Қазылар алқасының шешімімен ер балалар арасындағы кезеңде Ибрахим Нәсіпқали 1 орынға ие болса, Нұрдәулет Халел екінші орын иемденіп, Абдурахман Амазатұлы үшінші орынды қанжығасына байлады.

Қыздар арасында Сәлсабил Хамидолла І орынға, Амина Елемес ІІ орынға, ал Кәусар Меңдібай ІІІ орынға тұрақтады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, сайысқа қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат