Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ ДІНИ БІЛІМ ЖƏНЕ КАДР ДАЯРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 13.04.2019 1887 0 пікір

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бейбіт Мырзагелдиев ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.


Елордада өткен ҚМДБ Төралқа мəжілісінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз осыған дейін Қажылық, Халал өнімдерді стандарттау бөлімдерін басқарған Бейбіт Əліпбекұлының діни салада жинақтаған тəжірибесі мен ғылымдағы ізденістерін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, өзіне жүктелген Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Айта кетсек, Бейбіт Мырзагелдиев бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында өкіл имам, "Астана" медресесінде басшылық қызметте болды.


Мүфтият ұжымы Б.Əліпбекұлының жаңа жұмысына береке тілейді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат