Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сыр халқы Наурыз мерекесін атап өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 24.03.2019 639 0 пікір

Жылдағы дәстүр бойынша орталық алаңда облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін жалпы халықтық тойлау шарасына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі де қатысып, халықпен бірге ұлттық мерекені дәріптеуге өз үлестерін қосты. Қызылорда қаласының орталық алаңында 30 астам қара үй тігіліп, қала халқын қонақ етті.

Дүбірлі тойға арнайы қатысқан облыс Әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған өңірдің атқа мінерлері жұртшылықты мерекелерімен құттықтап, думанды мерекені халықпен бірге тойлады.

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілдігі тарапынан құрылған қазақы үйде дастарқан жайылып, халыққа наурыз көже, палау, тәтті сусындар таратылса, өзге де қараша үйлер ата дәстүрлеріміз «тұсаукесер» секілді ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, жырдан шашу арқылы тартуларын ұсынды. Мерекелік алаңды халықпен бірге аралаған облыс Әкімі Қ.Көшербаев Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған Сыр имамдарын «Наурыз» мейрамымен құттықтады.

Сонымен қатар, тұрғындар «қазақша күрес», «қол күрес», «арқан тартыс», «гір көтеру», «асық ату», «тоғызқұмалақ» секілді спорттық ойындарынан сынға түсіп, жүлделі орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат