Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкент: Наурыз мейрамы тойланды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 24.03.2019 523 0 пікір

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде қала тұрғындары мен жұма намазына келуші жамағатқа бауырсақ үлестірді. Дін мен дәстүр сабақтастығын басшылыққа алған мешіт имамы Бақдаулет Абдрахмановтың бастамасы аясында мешіт ауласында ұзыннан ақ дастархан жайылып, бауырсақ пен тәттілер қойылды. Осылай жасау арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлап, дін мен дәстүрді ұштастыра асыл құндылықтарды насихаттады. Жалпы, шара аясында 200 литр наурыз көже және 50 кг бауырсақ қайырымдылық негізінде тегін таратылды. Осы игі шараны ұйымдастырушыларға мешіт ақсақалдары мен жамағаттары өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат