Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Семейде «Дін мемлекеттің тірегі» атты қайырымдылық акциясы өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.03.2019 193 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан еліміздегі мешіттерге берген тапсырмаларының төрт бағытының бірі қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Осы орайда ҚМДБ ның Семей аймағы бойынша өкілдігі мен Зекет қайырымдылық  қорының ұйымдастыруымен «Дін мемлекеттің тірегі» атты қайырымдылық акциясын Семей қалалық Бір мұнаралы «Тас» мешітінде өткізді. Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Қаламыздағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған бес жүзден  астам отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті 16 тоннадан астам азық түлік үлестірілді.  

Мешіт жанынан құрылған «Жастар бөлімі» имамдарға жәрдемдесіп, азық-түліктерді бірге таратысты.  Осындай ізгілікті шара алдағы уақыттарда да өз жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат