Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түркістан: Ауданаралық Құран жарысы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 20.03.2019 250 0 пікір

Түркістан облысында аудандық және ауылдық мешіттерде шәкірттер саны көбейіп келеді. Қарилыққа ықыласы ауған балаларға арнайы орталық қажет те боп жатыр. Бүгінде кішігірім мешіттердің «Діни сауат ашу» курстарында кем дегенде 20-30 шәкірт оқып жүр.

Шардара қаласында І-ІІІ параға шейін Құран жаттаудан жарыс өтті. Оған Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласының шәкірттері қатысты. Олардың ең кішкентайы 6 жаста.

3 пара бойынша:

1-орын: С.Мейрамонов – 50 000 теңге (Мақтаарал)

2-ші орын: Х. Ислам – 40 000 теңге (Сарыағаш)

3-ші орын: А. Алтынбай - 30 000 теңге  (Шардара)

2 пара бойынша:

1-орын:  А. Мұхаммед – 40 000 теңге (Сарыағаш)

2-ші орын:  Д. Үсенов - 30 000 теңге (Шардара)

3-ші орын: Ә. Омар – 20 000 теңге (Шардара)

1 пара бойынша

1-орын:  Е.  Қалиев – 30 000 теңге (Шардара)

2-ші орын: Е. Рамазан – 20 000 теңге (Жетісай)

3-ші орын: Ш. Мирзоев – 15 000 теңге (Мақтаарал)

Бас жүлде:  А. Абдулғаниев  - 70 000 теңге жеңіп алды. Бас жүлдені 6 жасар шәкіртке өкіл имамның өзі тапсырды. Мұсабек Ақтамберді  келешек қарилардың талабына сәттілік тілеп, ұстаздарына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат