Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Ережеп айы насихатталуда

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.03.2019 161 0 пікір

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жанындағы асханада жамағатқа арналған дастарқан жайылды.

Қасиетті үш айдың бастауы - Ережеп айының құрметіне орай  жайылған дастарқан басында ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы және қалалық «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев «Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан және Рамазан» тақырыбында уағыз айтып, сауаптар еселенетін құлшылық айларының қадір-қасиетіне тоқталды және үш айды тиімді өткізу жолдары мен Рамазанға дайындық жасау амалдары туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, облысымыздағы басқа да қалалық және аудандық мешіттерде де аталмыш айдың құрметіне орай ауызашар беріліп, түрлі форматта шаралар өткізу жоспарлануда. Жамағат ризашылығын білдірген ауызашарлардың бірі Шиелі аудандық орталық мешітінде ұйымдастырылды. Ауызашарға арнайы шақыртылған қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы М.Үркімбаев уағыз айтып, жамағатпен сұхбат жүргізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат