Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам Қазалыда шәкірттермен кездесті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.03.2019 483 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Қазалы ауданына жасаған сапарында аудандық "Жанқожа батыр" мешітінде дәріс алып жатқан шәкірттермен кездесті.

Кездесу барысында білім алудың маңыздылығына тоқталып, шәкірттермен еркін форматта сұхбат жүргізді.

Бұдан кейін мешіт жамағаттарымен кездесіп Қазақ даласындағы білімді ахун ишан ғалымдардың әлем кітапханаларына таралып кеткен еңбектерімен таныстырып, өмір-тарихтарына шолу жасады. Сонымен қатар, «Ауызбіршілік, ынтымақ» тақырыбында насихат айтып, ата-бабаларымыздың дінді  ұстанудағы даналықтары мен қайсарлықтары туралы баяндап, өнегелі өмірлерін мысалға келтірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат