Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ислам институты 67 дін қызметкеріне куәлік табыстады

 Ислам институтының баспасөз орталығы  15.03.2019 489 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты  биылғы жылдың алғашқы тыңдаушы имамдарына куәлік табыстады.

ҚМДБ бекіткен сабақтар бағдарламасы бойынша «Қаңтар-наурыз, 2019»  оқу легінде 67 дін қызметкері білім алды. Оның 13-і Ресей Федерациясы және 4-уі Моңғолиядан келген қандастарымыз. Барлық шетелдік дін қызметкерлері мен қазақстандық 5 имам «директорлық грант» негізінде тегін оқып шықты.

Ислам институты басшылығы имамдардың білімін толықтыру мақсатында оқу бағдарламасынан тыс елімізге еңбегі сіңген дін өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер жиі ұйымдастырып отырды. Мәселен, осы лектің имамдары ҚМДБ тұңғыш төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлымен, ҚМДБ мүфтиінің бас кеңесшісі шейх Мухаммад-Хусайн Алсабековпен, Алматы қаласы «әл Хамит» мешітінің бас имамы Асылхан қажы Аманқұловпен және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс Асаубайұлымен кездесіп, сұхбат жүргізді.

Сондай-ақ, имамдар Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қоры топтамасымен танысып,  Алматы қаласының мешіттерін аралап, өзара тәжірибе алмасты.

Ислам институты басшылығы елтанымдық бағдарлама барысында Алматы қаласының көрікті жерлерінің бірі – Медеу шатқалына  эскурсия ұйымдастырып, имамдардың табиғат аясында серігуін де қарастырды.

Куәлік табыстау салтанатты рәсімінен соң, имамдар Ислам институты ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, еліміздің өркендеп-өсуін тілеп, бата жасады.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат