Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Екібастұздағы «Мұқтаждың мұңын бөліс!» акциясы

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 15.03.2019 369 0 пікір

Екібастұз қалалық мешітінің Зекет қоры Макимов Шыңғыстың ұйытқы болуымен «Мұқтаждың мұңын бөліс!» акциясын өткізді. Алдымен қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 180-ге жуық балаларды ата-аналарымен қоса мешіт асханасында дастарханға  шақырып, қонақ қылды.

Бұл жолы мұқтаж болған 40 отбасына әртүрлі азық-түлік толтырылған арнайы сыйларын табыстады.  Сонымен қатар алдағы күндері әртүрлі жастағы 350-ден астам балаларға аяқкиімдер де тарту етпек.

Дастархан басында қалалық мәслихат хатшысы Куспеков Болат және басқа да жауапты қызметшілер бірге болды. Мешіт имамдары дастархан басына жиналған жасөспірімдерге жақсы тілек тілеп қазақ және орыс тілдерінде қысқаша әсерлі уағыздар айтты.

«Бүгінгі қайырымдылық шарасын өткізуге қаржылай да, заттай да үлес қосқан көптеген адамдарға және мешітіміздің  жамағаты мен шәкірттеріне  Алла разы болсын демекпін. Алдағы уақыттарда «Ел үлесі-пәтерге» акциясы арқылы қаламыздан 1-2 мұқтаж отбасыға баспана мәселесін де шешіп береміз деп жоспарлап отырмыз.»,-дейді «Зекет қоры»-ның өкілі Шыңғыс Тұрсынұлы.

Шара соңында Екібастұз тұрғындары игі шараға үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат