Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Наиб мүфти А.Әділбаев Шымкентке ресми сапармен келді

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі  14.03.2019 486 0 пікір

Бүгін ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти  Алау Әділбаев Шымкент қалдасына ресми сапармен келді.

Ресми шара аясында наиб мүфти  Алау Әділбаев Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қарилар дайындау орталығының тыныс-тіршілігін танысудан бастады.

Кездесу аясында оқу орнның директоры Ықылас Майлан атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Жалпы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ерлер бөлімінде 85, ал қыздар бөлімінде 100 шәкірт Құран жаттап тәлім алуда. Осы шәкірттерге білікті 10 қари ұстаз қызмет етуде. Шәкірттерге толық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, кездесу аясында наиб мүфти  Алау Шайқымұлы аталмыш орталықтың шәкірттеріне ағалық кеңесін беріп, тәлім-тәрбие туралы дәріс оқыды.

Жалпы, наиб мүфти  Алау Шайқымұлы аталмыш орталықтың ер-балалар мен қыз-балаларға арналған бөлімдерін толық аралап, танысып бүгінгі таңда жұмыстарына оң бағасын беріп, одан әрі жетілдіріп, дамыту жөнінде тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат