Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров студент жастармен кездесті (ФОТО+ВИДЕО)

www.islam-atyrau.kz 14.03.2019 237 0 пікір

Жастар жылы аясында, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау аймағы бойынша өкілі, облыстық орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров студент жастармен кездесті.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасындағы №2студенттер үйінде Студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде ұстаз Батыржан қажы Берденұлы "Жастар және дін" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Шамамен жүзге жуық студент жастар қатысқан рухани кеш барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау аймағы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жастық шақтың қадірін сезіну, ең керемет сәтті сауапқа толы амалдармен өткізудің мәні жөнінде уағыз жүргізіп, қасиетті Құран аяттарын, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерін мысал етті.  

"Қай кезеңде де қазақ жерінде толеранттық пен дін еркіндігіне негізделген әртүрліұлыстардың, мәдениеттер мен діндердің өкілдері ғасырлар бойы татулықта тұрғанын ұмытпауымыз керек. Жастар дін мәселесіне байланысты ұстаз таңдауда сақ болып, қоғамда қалыптасқан іс-әрекеттері, жүріс-тұрыс және адамгершілік нормалар мен заңдылықтарын ұстанып, саналы әрекет етулері тиіс. Мұндай жағдайда кез келген адамның қателігі өзінің туған-туысқандарының өміріне әсерін тигізетінін түсінуі керек. Сол себептен де өз тарихын білу, тіл мен мәдениетті дамыту, өз халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, отбасы институтын сақтап қалу мен ұрпақтанрпаққа қалдырғанмұрагерлігін нығайту жастар алдындағы басты міндет. Жастарымыз әркез Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмір жолын өзіне үлгі ететін болса, бұл шынайы, ізгі мұсылманның хақ жолы болмақ" деп атап өтті ұстаз Батыржан қажы Берденұлы.

Рухани кездесуге Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйла Қойшығұлова, университет базасындағы Жастар саясаты департаментінің директоры Бибінұр Қорған арнайы қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар сауалдар қойып, осындай іс шара жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат