Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Тараз: Имам-қатыбтарға арналған тренинг жүргізілді

Ақерке БЕКҚҰЛОВА, "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. www.asyldin.kz 14.03.2019 265 0 пікір

Таразда имам-қатыбтарға арналған "Төзімділікті ілгерілету және зорлықшыл экстремизм насихатымен күресудің заманауи құралдары" атты тренинг өтті. Аталған іс-шараға Дін істері жөніндегі басқарма өкілі, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы, арнайы мамандар мен қала, аудан имамдары қатысты. 

Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог құру мақсатында өткізілген тренингке ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысханұлы арнайы келді. Шарада «Терроризмге қарсы күрес комитеті» РҚБ Президиум Төрағасы А.Оразбаев, «Терроризмге қарсы күрес комитеті» РҚБ оңалту әдістемелік-оқыту орталығының басқарушысы М.Мадияров сөз сөйлеп, "Тыйым салынған діни ағымдар", "Деструктивті ағымдармен жұмыс істеу әдістер" сынды мәселелерді көтерді.

Тренинг барысында мамандар деструктивті ағымдармен жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат