Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ТҮРКІСТАН: Имамдарға жан-жақтылық пен ширақтық керек

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.03.2019 524 0 пікір

Түркістан қаласы облыстың орталығы болғандықтан, діни ахуалға қатысты біраз сұраным  имамдардан талап етіледі. Діни білікті əрі жан-жақты зияткер кадрлар қажеттілігі туындап тұр. Бүгін Түркістан қаласында "Ақниет" ақпараттық-насихат жəне оңалту орталығының ұйымдастыруымен жат ағымдардың алдын алу тақырыбында семинар өтті. Жергілікті дін қызметкерлеріне ҚМДБ қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Алтынбек Ұтысхан арнайы дəріс оқыды.

Жат ағымдардың қатарында тек қана салафизм, вахабизм бағытын ұстанатындар мен радикалдық, экстремистік, террористік топтар ғана емес, жалған сопылықпен жұртты жаңылыстырып жүргендер де қоғамға қауіпті болып тұр. Имамдардың міндеті -  Əбу Ханифа мəзһабы бойынша Ислам дінінің саф қалпын бұқараға жеткізу, насихатты күшейту.  Семинар соңында Мүфтият тарапынан төрт бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабар етті. Имамдарды баяулықты көтермейтін заманда ояу жүріп, дінге қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат