Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Байқоңырға жаңа имам тағайындалды

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.02.2019 502 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 14.02.2019 ж. №413 бұйрығымен Құрманбаев Дастан Жанасұлы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күнінде Қармақшы ауданы, Төретам кентіне арнайы іс-сапармен барған ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Абуов Болатбек жұма намазына жиналған жамағатқа «Дін атын жамылған жат ағымдар» тақырыбында уағыз айтып, «Жәрімбет ата» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалған жаңа имамды таныстырды. Жаңа имамға жауапты қызметте табыс тілеп, осы уақытқа дейін аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Ақбаев Әлішерге алғысын білдірді.

Төретам кентіне жасалған сапар соңында Болатбек Ұласқанұлы ауған соғысы ардаргерлерімен кездесіп, соғыста қайтыс болып кеткен бауырластарының рухына Хатым Құран дұғасын бағыштады.

Құрманбаев Дастан Жанасұлы - 1991 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кентінде дүниеге келген.

Білімі:

2010-2014 жж. аралығында «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінде «Исламтану» мамандығын тәмамдаған.

2014-2016 жж. «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің «Исламтану» мамандығының магистрі.

Қазіргі таңда «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша докторантурада оқуда.

Еңбек жолы:

2015-2016 жж. «Әбу-Ханифа» орталығының кіші ғылыми қызметкері.

2016-2018 жж. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, «Жәрімбет» мешітінің имамдық қызметі.

2018 ж. наурыз-қыркүйек айларында Қызылорда қаласы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде 1-ші наиб имамдық қызметі.

2018-2019 жж. «Әбу-Ханифа» орталығының кіші ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған.

2019 жылдың 14 ақпанынан бастап Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Үйленген.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат