Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қостанай: «Тәлімгер тағылымы»

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.02.2019 203 0 пікір

Қостанай облыстық мешітінде адамзаттың асылы Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың өмірі жайында «Тәлімгер тағылымы» атты байқау болып өтті. Бұл байқауға жалпы 74-тен аса адам қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – тест сұрақтарын белгілеу бойынша өткізілді. Онда Пайғамбарымыз ﷺ және оның саңлақ сахабалары жайында 100 сұрақ болды. Екінші кезең викторина түрінде ұйымдастырылды. Әділқазылар алқасы қатысушыларға Пайғамбардың ﷺ өмірбаянына байланысты қосымша сұрақтар қойды

Байқауда бірқатар кісілер ерекше көзге түсті. Мәселен, – І орынға Г.Есенжолова, ІІ орынға З.Ұлыбай, ІІІ орынға Н.Құдайбергенов ие болды.

Рудный және Қостанай аудандық мешіттерінің әйелдер жамағаты тиянақты дайындықтармен келгендерін танытты. Сонымен қатар Қостанай облыстық және қалалық мешіттердің шәкірттері де Алла елшісініңﷺ өнегелі өміріне жан-жақты қаныққандарын көрсетті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат