Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: «Қайырымдылық апталығы»

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 18.02.2019 100 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Қайырымдылық апталығын» жариялаған болатын. Бүгінгі таңда бұл сауапты іс кеңінен өріс алып, шараға өңірдің барлық қала, аудандық мешіттері ат салысуда.

Өңірдің «Зекет қоры» аудандық және қала мешіттерімен бірлесіп, өңір бойынша тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік тізімін алып, көмекке мұқтаж отбасылардың хал ахуалымен танысып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатыр.

«Тұрмысы төмен отбасыларыға көмек ретінде қайырымдылық жасап отырмыз. Өкілдік тарапынан мұқтаждарға қайырымдылық жасауға тапсырма берілген болатын. Бұл бағытта өңірдің «Зекет қоры» барлық мешіттермен бірлесіп жүйелі шаралар атқарып жатыр» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар «Зекет қорына» өз ризашылықтарын жеткізуде.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат