Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қостанай: Наиб имам ашық сабаққа қатысты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.02.2019 96 0 пікір

Науырзым ауданының «Жамбыл» орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оны жүргізген аталмыш білім ордасының тарих пәнінің мұғалімі Жанат Едірісова 9 сынып оқушыларымен бірге дайындаған діни экстремизм бағыты туралы мағлұмат айтты.

Ашық сабаққа арнайы шақырылған аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі әдіскер Серікбай Ақжол діни теріс ағымның жолына түсіп, адасқан азаматтың аянышты тағдырын баяндайтын бейнебаянды көрсетті.

Ал аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы адасушылыққа жетелейтін теріс ағымдар туралы, олардың шығу тарихын, мақсат мүдделері туралы баяндады. Ислам діні туралы мағлұматты тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни басылымдардан, мешіт имамдарынан алу керектігін түсіндірді.

Жалпы, адаспау үшін дін жөніндегі сауаттарын ашып, оқып ізденулері керектігін естеріне салды. Ашық сабақ соңында ұстаз бен шәкірттер келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, мұндай кездесулер мен басқосулардың берері мол екендігін айтты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат