Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: «Жамағат бірлігі» акциясы жалғасуда

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 18.02.2019 177 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен өңірінің өкілдігі жыл басынан бері өңір бойынша «Жамағат бірлігі» атты мешіт жамағаттарымен кездесулер ұйымдастырып келеді.

ҚМДБ Өскемен өңірінің өкіл имамы Ермек Қасболатұлы шекара шебінде жатқан шалғайдағы Күршім ауданы «Барақ батыр» ауылдық мешітінде ауыл жамағатымен жүздесіп, «Жамағат бірлігінің артықшылығы мен оның дәрежесі» туралы сөз қозғап, тағылымды насихат айтты. Уағызға қатысқан жамағат арнайы келген өкіл имамға көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, емен-жарқын пікірлесті.

«Жамағат бірлігі» аясында көшпелі жиын келесі күні Зайсан ауданында жалғасты. Өскемен өңірінің өкіл имамы Ермек Қасболатұлы «Зайсан қаласының орталық мешітінде» зайсандық жамағатпен жүздесіп, жамағат тұтастығын сақтау, әртүрлі мәселерде өзара түсінісіп, бейбіт мәміле жасауы турасында баяндап, Ислам тарихынан тамаша мысалдар келтірді.

Өкіл имам: «Бүгінгі таңда ел тұтастығы жамағат бірлігіне тікелей қатысты. Сондықтан бірлігіміз бекем болу керек. Ынтымақ, бірлік Исламның асыл қағидаттарының бірі» дей отырып, үлттық дәстүрді сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Сапар аясында өкіл имам аталған аудандардың мешіт жұмыстарымен танысып, имамдарға нақты тапсырмалар берді.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітнің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат