Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Семей: Қыздар арасында волейбол жарысы өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 18.02.2019 199 0 пікір

ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Жастар ісі бөлімі» мен «Әйел қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен «Ислам және жастар жылы» аясында мешіттердегі діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында волейболдан жарыс өтті. «Бірлік»,» Ынтымақ», «Береке» командаларынан құралған шәкірттер өзара жарысқа түсті. Жарыс өте тартысты, қызықты өтіп «Ынтымақ» командасы жеңіске жетті.

Спорт жарыстарын ұйымдастырудағы мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жамағат пен шәкірттердің өзара ынтымақ-берекесін арттыру болды.

Жарыс соңында жеңіске жеткен «Ынтымақ» командасына Кубок пен медальдар табысталды. Қатысқан басқа командаларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат