Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ – ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 18.02.2019 936 0 пікір

Белгілі ғалым, бірнеше ғылыми, діни кітаптардың авторы, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі болып бекітілді.

Мұндай шешім Астанада 12-14 ақпан күндері мүфтияттың жаңа бас ғимаратында өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісінде қабылданды.

 

«Мүфтияттың негізгі жұмыс бағыты пәтуа шығару, азаматтардың діни сұрақтарына жауап беру болғандықтан, бұл саладағы қызметімізді үнемі жетілдіріп отыруымыз тиіс. Ғұламалар кеңесінің ұсынысы бойынша Қайрат Құрманбаевты қоғамдық негізде кеңестің тұрақты мүшесі ретінде жаңа қызметке тағайындау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім кеңестің жұмысына жаңа серпін береді деп есептеймін», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

 

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі Қайрат Құрманбаевты жаңа жауапты жұмысымен құттықтап, қызметіне береке тілейді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат