Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Павлодар: «Ислам және дәстүр тағылымы» байқауы

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 18.02.2019 109 0 пікір

Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде «Ислам және дәстүр тағылымы» атты облыстық салт-дәстүрлер байқауы өтті. Байқауға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Павлодар ауылы мешіттерінің әйел шәкірттері қатысып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін Ислам дінімен ұштастыра көрсетті. Шараны тамашалауға аудандар мен қалалардан 100-ден астам адам жиналды.

Шараның шымылдығын өкіл имамы Жолдас  Қоспақұлы ашып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Осыдан кейін мешіт шәкірттері Құран оқыды. «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі және әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының ұстазы Ақерке Тұрғынбайқызының сөзінше, биыл «Жастар жылы» болғандықтан байқауға студент жастар көптеп тартылыпты.

Бұл жерде шәкірттерді тапсырмалар бойынша дайындап, байқауға қатыстырған ұстаздар – Нұрила Тілеуова, Зәуре Шадиева, Айша Әбілдаева, Гүлмира Қожахмет, Бақыт Жүніс және Данагүл Сайрандардың еңбегін ерекше атап өту керек. Байқауға «Қажылар қауымдастығының» төрайымы Рымтай Сапарбекова мен ұстаз Ақерке Тұрғынбайқызы төрелік етіп, барлық қатысушылар жоғары деңгейде дайындалып келгенін атап өтті. Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар берілген тақырыпқа сай номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат