Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz   15.02.2019 4821 0 пікір

 

Бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Ислам тарихын, өнерін, мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА) бірлесіп «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.

Елбасы негізін қалаған елорданың жетекші университетінде өткен конференцияға танымал академиктер, профессорлар, атап айтсақ, Сейіт Қасқабасов, Ғарифолла Есім, Болат Көмеков, Серік Негимов, Әшірбек Мүминов қатысып, сөз сөйледі. ИРСИКА бас директоры, профессор Халит Ерен де орайлы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ 1952-1972 жылдары Қазақстан қазиятын басқарған тұлға, дін қайраткері Сәдуақас қажы Ғылманидың 96 жастағы перзенті Үкіжан Сәдуақасқызы осы жиынға арнайы келіп, ел анасы ретінде батасын берді. Конференцияны оқу орны проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы жүргізіп отырды.

 Конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Саналы ғұмырын Ислам дінінің гүлденуі жолына арнаған Сәдуақас Ғылманұлының қаламынан қасиетті қазақ топырағында алғашқы «Мәуліт жыры» туындаған болатын. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын  ардақты Алла Елшісінің туған айында мәуліт кешін ұйымдастырады. Осы игі шарада пайғамбардың өнегелі өмірін өлең-жырмен баяндау – рухани кештің негізгі мәні мен маңызы болып саналады. Халықты ізгілік пен имандылыққа ұйытатын рухани шарада Сәдуақас Ғылманидың жазған «Мәуліт жыры» оқылады. Осындайда: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген халық нақылы еріксіз еске түседі», – деп атап өтті.

Конференцияда ҚР ҰҒА академиктерінен кейін Кеңшілік Тиышхан, Толқын Зәмзаева, Шәмшадин Керім, Асылбек Избаиров, Мақсат Алпысбес, Самал Төлеубаева т.б. ғалымдар баяндама жасады. Жиын барысында ИРСИКА мамандары Түркияда қазақша (төте қаріппен), ағылшынша жариялаған С.Ғылманидың «Заманымызда болған ғұламалардың өмір тарихтары» атты кітабының тұсауы кесілді. Ортақ ғылыми-зерттеу жобалары бойынша екіжақты меморандумға қол қойылды.

 

 

Видео

 

   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат