Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ: Қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға конкурс жариялайды

www.muftyat.kz 15.02.2019 1056 0 пікір

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс делегациясы ағымдағы жылы қажылық маусымының ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары бойынша Сауд Арабия Королдігі Қажылық және умра министрлігі басшыларымен екі жақты кездесулер өткізіп, 2019 жылы Қазақстан Республикасы үшін 3 200 қажыға квота алды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, фирмалар арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу және жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында КОНКУРС жариялайды.

Келесі ТАЛАПТАРҒА сәйкес фирмалар басымдылыққа ие болып табылады:

  1. Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрақты әрі үздіксіз түрде умра/қажылықты ұйымдастыру және жүргізуге қатысу тәжірибесінің болуы;
  2. Халықаралық стандарттарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) немесе ASTA (American Society of Travel Advisors) сертификаттарының болуы;
  3. Өз қызметі аясында Сауд Арабия Королдігі Қажылық министрлігі тарапынан фирманың соңғы 5 жыл ішінде атқарған қызметі бойынша кемшіліктер туралы шағымдар мен ескертулердің (мухаләфә/ереже бұзу) болмауы және ҚМДБ тарапынан да ереже бұзғаны туралы ескертпелер болмауы;
  4. Туристік фирманың ҚР Әділет органдарында тіркелгендігі туралы куәлігінің болуы;
  5. Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің болуы;
  6. Туроператорлық лицензиясының болуы;
  7. ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын офисінің болуы.

 

Аталған құжаттар 2019 жылдың 15 ақпанынан бастап ҚМДБ ресми dumkaz@mail.ru поштасы арқылы 2019 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік фирмалардың ұсыныстары қаралмайды.                                         

ҚМДБ қажылық бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат