Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны

www.muftyat.kz 15.02.2019 211 0 пікір

Басылымның ақпан айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю – иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласымен ашылған. «Тарихи тағылым» айдарымен «Бүкілресейлік мұсылмандар сьезі», «Тәпсір» айдарымен ««Мүжәдәлә» сүресі» (соңы), «Салт-дәстүр» айдарымен «Жігіттік шақ», «Пәтуә» айдарымен «Із-түссіз кеткен адамның үкімі», «Уағыз» айдарымен «Қайсар жауынгер рухы», «Балаларға базарлық» айдарымен «Нәжашидің мұсылман болуы», «Құлшылық» айдарымен «Түнде тұруға ниеттеніп, бірақ тұра алмағанның сауабы», «Ой салу» айдарымен «Кедейлігіңді неге Құдайдан көресің?», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Бойжеткенге жар таңдау», «Отан отбасынан құралады» айдарымен «Әйел кісінің міндеттері», «Хикаят» айдарымен «Ененің тамағы», «Ақида» айдарымен «Алладан ғана тілеңіз!», «Парыз» айдарымен «Дәрет алу – тазалық!», «Данадан үйрен» айдарымен «Әбу Ханифаның хила әдісін қолдануы», «Қаз қалпында» айдарымен ««Ясин» сүресі көрсеткен керемет» деген материалдар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Тақуалық» айдарымен «Халал ас жеудің ерекшелігі», «Әдеп» айдарымен «Ешкімді ренжітпеңіз», «Ғибрат» айдарымен «Әбу Бәкірдің (р.а.) Омарға (р.а.) өсиеті», «Даналық» айдарымен «Үштік бап», «Діндар» айдарымен «Сайыпназар ахун», «Хикмет» айдарымен «Жүзіктегі жазулар», «Тарихи тұлға» айдарымен «Абылай (Әбілмансұр) хан», «Шешендік – өнер» айдарымен «Мұса мен Шоң», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Шипа Алладан» айдарымен «Көз тиюден емделу» деген танымдық мақалалардың да оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда «Иман» журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып,

алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі мына ұялы телефон арқылы жүзеге асады:

+7 778 948 7410

+7 700 110 0637

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат