Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Павлодарда «Адал ас-арлы ұрпақ» атты семинар өтті

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 15.02.2019 381 0 пікір

Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен  орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  «Адал ас-арлы ұрпақ» тақырыбында халал стандарт бойынша семинар өтті. Семинарға ҚМДБ «Халал-Даму» ЖШС-ның директоры Елжанов Ануарбек Ізімбайұлы  арнайы келіп, дәріс оқыды. Дәріске облысымыздағы  қала, аудан мешітінің имамдары түгелдей қатысты.

Семинар барысында ғылыми дəлел дəйектермен əлемдік халал өндірісінде көш басында келе жатқан мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, ҚМДБ-ның халал стандарты бөлімі дайындаған стандарт таныстырылды. Ал имамдар  көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, маманнан нақты жауаптарын алды. Жиын соңында Павлодар облысы бойынша мешіттерден жиналған барлық имамдарға алғысын білдіріп,  арнайы сертификат табысталды.

Сонымен қатар, Павлодар қаласындағы ірі қоғамдық тамақтандыру және азық түлік саудасымен шұғылданған кәсіпкерлермен  арнайы дайындалған дастархан басында жүздесті. Оларға шариғат талаптарына сай мал бауыздаудың тәсілдеріне тоқталып, адам ағзасына берер мол пайдасы да  кеңінен түсіндірілді. Кәсіпкерлерге халал сертификатын алу жолдары түсіндіріліп, тағамдары үнемі тексеруде болатындығы да ескертілді.

Семинар соңында Ануарбек Ізімбайұлы аталмыш тақырып бойынша облыстық «Ертіс» телеарнасына және «Халық радиосына» кең көлемде сұхбат берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат