Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкент: «Баспанаға жол» акциясы ұйымдастырылуда

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 12.02.2019 551 0 пікір

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастыруды қолға алды.

Тұңғыш рет қолға алынып отырған «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясының мақсаты мен шарттары - көпбалалы отбасы болуы керек. Оның ішінде, жағдайы төмен, жеке баспанасы жоқтығы, пәтер жалдап тұратын, жұмыссыз отырған, асыраушысынан айырылған жандар болуы қажет. Осындай жағдайға түскен отбасыларға аз болсада пәтер ақыларына қол ұшып беріп, демеп жіберу болып табылады.

Аталмыш акциясыға Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп, шараның тұрақты ұйымдастыру қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаевтың бастамасымен қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының имамдары жауапты болып салалады.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат