Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Тарбағатай мешіті «Тегін киім» атты дүкен ашты

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 12.02.2019 503 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы «Ұранхай қажы» мешіті жанынан «Тегін киім» атты дүкен ашты.

«Мұқтаж адамдарға қол ұшын беру, тұрмысы нашар отбасыларға қолдау көрсету мақсатында біз қайырымдылық киім-кешектерін тарататын дүкен ашып отырмыз. Бұл дүкеннен көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға тегін киімдер беріледі. Біз дүкенге көбінде жаңа киім-кешектер қабылдаймыз»,- дейді Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы.

«Тегін дүкенге» аудан орталығы ақсуаттық кәсіпкерлер, жамағат қауымы киімөкешектер өткізіп, ат салысуда. Бұл бастама жұртшылықтан жақсы қолдау тауып отыр.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат