Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Дағыстандық мұсылман бір отбасыны оттан аман алып қалды

muftyat.kz 11.02.2019 416 0 пікір

Әлеуметтік желілерде дағыстандағы Гильяр ауылының тұрғыны 45 жастағы Мариф Белабеков есімді азаматтың қаһармандығы жайлы ақпарат кең тарап кетті. Отқа оранып жатқан үйдің ішінен түгелдей отбасыны аман алып шыққан азамат түн ішінде өрт пен ыстың иісін сезеді. Терезеден көрші үйдің отқа оранып жатқанын көрген ол ұлын ерте салып жүгірген көрінеді. Екеуі бірге есікті сындырып Алжан мен Фатима және Илита есімді екі қызын қара түтін ішінен алып шыққан екен.

Айта кету керек, егер Белабеков өрттің орын алғанын кешірек байқар болса, бір отбасы көз жұмғандай еді. Үй толықтай жанып кеткен. Әйелді балаларымен алып шыққан соң ғана өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемді шақырған. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат