Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

СҚО: Қызылжардағы сауат ашу курсы

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.02.2019 164 0 пікір

Өңірді сауатты діни мамандармен қамтамасыз ету мақсатында ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан өкілдігі аудандар мен ауылдардағы имамдыққа бейімі бар азаматтарды жинап 2 апталық курсын бастады. Оқу курсында білім алғандар, өкілдік тарапынан арнайы сертификат алып, молдасы жоқ мешіттерге жұмыс жасайды.

Бүгін жиырмаға жуық оқу курсына келген азаматтар облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің дәрісханасында оқып, жергілікті мешіттердің білікті имамдарынан дәріс алуда.

«Ең алдымен шәкірттерге қысқа мерзім ішінде сапалы білім беру басты мақсат ретінде көзделген. Біз осы курсты ұйымдастыру арқылы, өңіріміздегі имамы жоқ мешіттерді имам-молдалармен қамдау мәселесі шешілмек. Бүгінгі таңда ауылдарды сауатты, имам-молдалармен қамдау өңірдегі басты мәселе болып отыр», - деп атап өтті өкіл имам Кенжетай Байкемелұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат