Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Алтай ауданында шәкірттерге арналған танымдық шара өті

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 11.02.2019 632 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай аудандық «Ақтан» мешітінің ұйымдастыруымен «әйел-қыздар» секторы шәкірттеріне арналған танымдық шара болып өтті.

Басқосуға ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова, ұстаздар, жастар және шәкірттер қатысты.

Жиында Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің бас имамыМирас Көкебаев сөз сөйлеп жиынның мақсатына тоқталды.

Ол: «Рухани жаңғыру аясында жастар жылына байланысты ұлтымыздың дәстүрлі отбасылық құндылықтарын насихаттау, кері ағымдардан сақтану бүгінгі таңда аса маңызды. Біз осы бағыттарға шараларға аса мән беріп отырмыз» деп жиналғандарға тағылымды кеңес айтты.

Өкілдіктің «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова жастарды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеулің маңызы жайлы ойын ортаға салып, ақбасты әжелермен және жастармен пікір алмасты. Шараға қатысушылар да өз ойларын ортаға салды.

Алқалы басқосу мәдени шараға ұласты.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат