Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы: Бас имам «Орбита-3» мешіті жамағатымен жүздесті

Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.02.2019 1007 0 пікір

Жұма күні Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Бостандық ауданының «Орбита-3» мешіті жамағатымен жүздесіп, Жұма уағызын айтты.
Бас имам Жұма уағызының бекітілген тақырыбы бойынша сабыр мен сабырлы болудың мән-маңызына тоқталды. Мұсылмандар Алладан намаз бен сабыр арқылы пана тілеп, сыйыну керектігін әрі Алла қиын сәттерде көркем түрде сабыр етушілермен бірге екендігін Құран аяттары арқылы сабақтады. 

Сондай-ақ, жақында ғана Елорамызда бес баласынан айырылған отбасыға Алматы жұртшылығы атынан көңіл айтып, ел-жұртты сабырлы болуға үндеді. Жұма намазы оқылып, марқұмдарға Құран бағышталды. Қарияларымыз ел-жұртымызға, мешіт жамағатына қол жайып дұға жасады.
Білікті имам Аташов Әсет басқарып отырған Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітінің жамағаты бас имамға өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, иығына шапан жапты.

 




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат