Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Маңғыстау: Дені саудың жаны сау

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.02.2019 545 0 пікір

Маңғыстау облыстық әйелдер қыздар секторының жетекшісі Г.Жумағалиеваның білікті дәрігерлердің басын қосып, мешіт жамағатына «Дені саудың жаны сау» атты семинар ұйымдастырды.

Семинарда Маңғыстау облысының эпидемиолог маманы Г.Шорбасова Қазақстанда орын алып жатқан жұқпалы аурулар жайында, соның ішінде қәзіргі уақытта белең алып жатқан қызылша дерті жайлы молынан ақпарат беріп, одан сақтанудың жолдарын айтып өтті. Сонымен қатар педиатр дәрігерлер З.Манкешова мен Ж.Шантыбаева екпе егудің маңыздылығы турасында баяндама оқып, келген әрбір қатысушыға екпе жайлы шағын ақпарат беретін кітапшаларын тегін таратты. Семинар соңын инфекционист маман Ф.Омарова АИТВ/ЖИТС ауруы жайлы мәлімдеме оқып, одан сақтанудың жолдарын айтып аяқтады.

Келген қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. «Сақтанғанды сақтайды» демекші, дәрігерлер әрбір отбасыға денсаулық тілеп, екі тарапта алғыстарын айтып тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат