Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы мешітінде телефон ұрлаған адам ұсталды

www.inform.kz 07.02.2019 557 0 пікір

Алматыда мешіт келушісінің телефонын ұрлаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мешітке келген жігіт курткасының қалтасындағы телефоны жоғалғанын намаздан кейін білген. «Намазын оқып болған соң ол курткасының қалтасында болған телефонының орнын сипап қалған. Жігіт бірден полицияға хабар берген. Жедел жүргізілген іздестіру амалдарының арқасында күдіктінің кім екендігі анықталды. 30 жастағы күдіктіні тінту кезінде қалтасынан әлгі адамға тиесілі телефон табылды.

Айта кету керек, ол бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деді полиция департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов. Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат