Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

НАИБ МҮФТИ МЫСЫРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

www.muslim.kz 19.01.2019 878 0 пікір

Бүгін Египет елінің астанасы Каир қаласында Уақып министрлігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттің сақталуын қамтамасыз ету үшін ұлттық сәйкестікті қалыптастыру» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Мысыр президентінің қолдауының аясында өтіп жатқан алқалы жиын жұмысы екі күнге созылмақ.

Халықаралық конференция жұмысына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тапсырмасымен елімізден арнайы делегация аттанған болатын. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған топ айтулы жиын аясында бірегей баяндамалар жасап, арнайы кездесулер өткізу жоспарланған.

Бейбарыс бабамыз билік құрған Мысыр жеріндегі халықаралық басқосуға Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиев, «Нұр-Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев және университет ұстазы Сейдмұхаммед Абдунаимдар қатысып, халықаралық деңгейдегі басқосу барысында еліміздегі діни ахуал мен мүфтият жұмысын таныстыратын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат