Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам Тасбөгет кентінің жамағатымен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 18.01.2019 258 0 пікір

Кеше ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы қалалық «Құддыс ишан» мешітінің жамағатымен кездесті.

Тасбөгет кентінде орналасқан «Құддыс ишан» мешіті 2018 жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа намазхана залымен толыққан болатын. Осыған орай, мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жамағатқа дастарқан жайылып, дәм ұсынылды.

Мешіт жамағаттарының қуанышымен құттықтай келген өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы ақшам намазын жамағатпен бірге оқыған соң, сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында жүректері мешітке байланған мүміндердің сипаты турасында насихат айтып, сахабалар өмірінен мысал келтірді.   Сөз соңында мешіттеріміздің әсем де жайлы болуы ең бірінші жанашыр жамағаттың арқасында екенін атап өтіп, құлшылық үйінің көркеюіне үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат