Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

2018 ЖЫЛЫ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНДА 204 ИМАМ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ (ФОТО)

Ислам институтының баспасөз орталығы 18.01.2019 575 0 пікір

2018 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында 204 имам білімін жетілдірді. Бұл туралы институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мәлімдеді.

«Бүгінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен облыс-өңірлерде дін қызметкерлерін аттестациядан өткізу шарасы ұйымдастырылуда. Мұндағы мақсат – дін қызметкерлерінің әлеуетін көтеру. Біз де осы бастамалардың аясында имам-молдалардың білім дәрежесін көтеруге атсалысып келеміз. 2018 жылы Ислам институтында Моңғолия мен Ресей Федерациясынан келіп оқыған имамдарды қоса есептегенде, барлығы 204 имам білімін жетілдірді. Тегін оқу гранты бойынша 41 имам білімін шыңдады. Мақсатымыз – діни салада қызмет етіп жүрген имамдардың білімі мен тәжірибесін арттырып, сапалы діни кадрлардың қатарын көбейту. Бұл оқу орнында елімізге танымал теолог-ғалымдар, профессорлар, тарихшылар дәріс береді», – атап өтті институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы.

Айта кетсек, 2019 жылдың 14-қаңтарында ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты жаңа оқу легін бастады. Биылғы жылдың ең алғашқы оқу легіне Ресей Федерациясының Омбы қаласынан 12 имам дәріс тыңдауда. Ресейлік имамдарды оқыту Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Омбы облысы діни басқармасы арасында жүргізілген келісім аясында жүзеге асуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат