Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлары менеджмент, психология саласы бойынша жаңа тәсілдермен машықтанды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 17.01.2019 569 0 пікір

Менеджмент, психология ғылымдары соңғы уақытта жұртшылықтың қызығушылығын  арттыруда. Себебі бұл адамдардың өмір салтын жақсартып, жұмыс өнімділігін арттыруда маңызды пәндерге айналғаны рас. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорларына арналған семинар-тренинг осы тақырыптарды қамтыды. Маркетинг бөлімінің маманы Мәжит Ғабитұлы дәрісті арнайы ойынымен бастады. Сырт көзге баланың ісіндей көрінген бұл әдіс ұжымдық рухтың қандай бағытта екенін анықтауда маңызы зор. Маркетолог Мәжит Ғабитұлы нәтижелерге қарап, ұжымдағы ғана емес оқытушылардың қосымша мүмкіндіктерді пайдалануына қатысты болжам-бағасын берді:

Кез келген адам алдына қойған негізгі мақсатты дөп басып, өзге бағытқа өзін алаңдатпауы тиіс. Себебі кедергілер ғана емес қосымша қажеттіліктер де адамның негізгі мақсатынан алаңдатады. Ал ондай нәрселерді қарапайым ойындардың өзі анықтап бере алады , -деді.

Сапалы адамнан сапалы өнім шығатынын алға тартқан маман ортақ мүддеге жұмыс істеудің ерекшеліндерін де жан-жақты түйсіндірді.

Ал психолог Шұғыла Дуанаева ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас түрлеріне ғана емес, шәкірттердің психологиялық, табиғи болмысының ерекшеліктеріне де кеңірек тоқталды. Оқытушылармен арада сұрақ-жауаптар жасалып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайлар талқыланды. Жан-жақты дайындықпен жасақталған оқытушы-профессорларға ұйымдастырылған бұл семинарлардың жемісі жаңа оқу маусымында нәтижесін аңғартары анық. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат