Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имам Қарақия ауданында болды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.01.2019 390 0 пікір

Маңғыстау облысына қарасыты мешітке келуші жастар бүгінгі таңда көпке үлгі болып, игі шараларға қатысып, ұйымдастырып келеді. Өкіл имам Смайыл қажы Сейтбековтің бастамасымен қолға алынған игі шара Қарақия аудандық мешітінде өз жалғасын тапты.

Өкіл имам белсенді мешіт жамағатымен кездесіп уағыз айтты: Өз сөзінде Бас имам «Мұсылман кісі өзгелерге тіл тигізіп сауап таппайды, керісінше исламнан алшақтатқандығы үшін күнә табады. Олай болса, мұсылманның міндеті өзгелерді діннен үркіту емес, өз дінін кемшіліксіз түрде жеткізе білу. Сонымен қатар исламда зорлық жоқ. Бақара сүресінің 256 аятында: «Дінде зорлық жоқ»,- деп Алла Тағала анық түрде баян еткен соң әрбір мұсылман пенде өз дінін насихаттап, қоғамдағы бейбітшілікті орнатуға талпынуы керек» - деді.

Шара соңы берекелі дастарханға ұласып, мешітке келуші жамағат өз ойларын ортаға салып, керемет кездесудің куәсі болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат