Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сириядан қайтқан азаматтардан қауіп бар ма?

www.kazislam.kz 11.01.2019 220 0 пікір

«Жусан» операциясы бойынша Сириядан елімізге қайтарылған азаматтардан лаңкестік тұрғысынан қандай да бір қауіп бар ма? Бұл сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, осы операция бірнеше ай бойы жүргізілді. Өте көп қиыншылық болды. Әлбетте, жан-жақты мәселелер толыққанды тексерілді, талқыланды. Көп адамдар лаңкестік тұрғысынан «қайтарылған азаматтар жағынан қандай да бір қауіп бар ма?» деп сұрақ қояды. Тағы да айтайын, ол жағынан бәрі де тексерілді. Қазіргі таңда қайтарылған азаматтардың ішіндегі 6 ер кісі және 1 әйелдің үстінен қылмыстық істер қозғалды. Осылар және қайтарылған басқа азаматтар террористік әрекеттер тұрғысынан толығымен тексеріледі. Егер ондай жағдай дәлелденсе, әрине, қылмыстық жауапкершілікке тартылады» деді Бақытбек Рахымбердиев.

Департамент басшысы атап өткендей, Сирия, Ирак, Ауғанстан аймақтарында қақтығыстар бірнеше жылға жалғасуда.

«Қақтығыс аумақтарынан қайтарылған барлық қазақстандықтардың 40 пайызға жуығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қалғандарына алдын алу, оңалту шаралары жүргізілген. Сол үшін көпшілік ол турасында көп біле бермеуі мүмкін. Бірақ, біздің ойымызша, қайтарылған азаматтардан әзірше ешқандай террористік қауіп жоқ. Бұл ретте, ең басты мәселе — кішкентай балаларды қайтару болды. Өйткені, қайтарылғандардың басым көпшілігі — 1-5 жас аралығындағы балалар» деді ол.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат