Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы: Қарағайлы мешітінде діни сауат ашу орталығының ғимараты бой көтерді

azan.kz 30.12.2018 798 0 пікір

Бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарағайлы мешітінде, қолы ашық азаматтардың тікелей демеушілігімен, діни сауат ашу орталығы ғимаратының ашылу рәсімі болып өтті.
 
Жиында алғаш сөз алған ҚМДБ дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің атынан құттықтады. Елімізде осындай діни сауат ашу орталықтарының көптеп ашыла беруіне тілектестік білдіріп, игілікті іске үлес қосқан азаматтарға алғысын айтты.  
 
Ал, кезекті сөз алған Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Алматы мешіттерінің көркіне көрік қосатын, елдің діни сауатын арттырып, ғылым-білімге үндейтін осындай ағарту ордаларының ашылуы – ел игілігі үшін атқарылған сауапты істерден екенін жеткізді. Сондай-ақ, діни сауат ашу орталығының ашылуына тікелей демеушілік еткен марқұм Е.Ырысбекұлының отбасына, ағайын-туыстарына ризашылық сезімін білдірді. 

Сауапты іске мұрындық болған марқұм Е.Ырысбекұлның асыл жары, Жеңіскүл апамыздың иығына шапан жабылды. Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы, белгілі исламтанушы ғалым Ерсін Әміре марқұмдарға Құран бағыштады. Ақсақалдар жағы ақ батасын беріп, жамағат болып ықыласпен дұға етті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат