Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

АЛМАТЫДА «ОЙЫ ЖҮЙРІК ТАПҚЫРЛАР-2» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 28.02.2018 2387 0 пікір

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, Алматы қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ойы жүйрік тапқырлар -2» атты интеллектуалды білім сайысы өтті. Бұл сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Дін мен дәстүрді ұштастыра отырып өткізілген сайыс 6 айналымнан тұрды.

Шараға қатысқан наиб имам Жорабек Ақбердіұлы бас имам Еркінбек Шоқайдың сәлемін жеткізіп, мұндай шаралардың мешіт жанында ұйымдастырылуының маңыздылығы туралы айтып берді.

«Мешіт – адамзатқа нұр шашқан тұлғалар мен ғалымдардың шығуына негіз болған еді. Мешіттер сол қызметті жалғастырып келеді. Өйткені, асыл дініміз кез-келген адамды білім-ғылымға шақырады. Бүгінгі шара соның бір үлгісі деуге болады. Сіздерге Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың сәлемін жеткізгім келеді. Білім сайысы сәтті өтсін»,- деді  Жорабек Ақбердіұлы.

Сайыста бес адамнан тұратын III топ «Сәлем сөздің басы, Тағылым тамшылары, Ойлан, тап, Бәйге,  Кім жүйрік, Менің мешітім» сынды айналымдар бойынша өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Сайыстың әр кезеңі тартысқа толы болды.

Сайысқа ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Алматы қаласы бойынша жауапты басшысы, Алматы Орталық мешітінің ұстазы Маржан Оразанбайқызы, Таугүл мешітінің ұстазы Айнұр Жархынбекқызы және Райымбек батыр мешітінің ұстазы Әділова Шынар Төребекқызы төрелік жасады.

Жарыс соңында ең жоғарғы ұпай жинап, алға шыққан «Зерде» тобы I орын, белсенділігімен көзге түскен «Қазына» тобы II орын алса, III орынды көрермен көзайымына айналған «Жәннат гүлдері» тобына бұйырды. Барлық жарысқа қатысушы топтарға бағалы сыйлықтармен қоса, Мақтау қағаздары берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат