Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мұхаммед Әлі мешіті туралы не білеміз? (ФОТО)

www.islam.kz 15.10.2017 1157 0 пікір

Мысыр астанасы - Каир қаласындағы бұл мешіттің құрылысы 1830 жылы басталып, он сегіз жылдан соң аяқталды. Бұл ғибадат ғимаратына елдің бас алаңына айналған Тахрир алаңы арқылы баруға болады. Негізгі күмбезінің диаметрі 21 метр, ал күмбездің биіктігі 52 метрге жетеді. Сондай-ақ, екі мұнарасы бар, олардың биіктігі 82 м. 

 Мечеть Паши Мухаммеда Али

Мұсылмандардың пирамидалар еліндегі осынау құлшылық үйінің атымен аталған адам туралы не білеміз? Мұхаммед Әлі - Османлы билігінің 1798 жылы Мысырға француздармен күресуге аттандырған пашасы. Жеті жылдың ішінде халықтың сеніміне кіріп, 1805 жылы Мысыр билеушісінің уәзірі болып тағайындалады. Осы қызметіне кіріскен жылдан екі жыл өткен соң бес мың сарбаздан тұратын британ корпусын елден қуады. Ол билік тізгінін ұстаған ширек ғасырдың ішінде, яғни, 25 жыл ішінде Мысырдың шекарасын едәуір кеңейтеді. Мұхаммед Әлі осы мешіттің салынуына қамқор болады. Ыстамбұл шаһарынан Иусуф Бушнаг есімді сәулетшіні алдыртады. 

Бұл мешіттің намаз оқитын залының аумағы 1600 шаршы метрден асады. 

Зал мечети Мухаммеда Али

 Люстра в мечети Мухаммеда Али

Мечеть Мухаммеда Али в Египте

Мечеть Мухаммеда Али в Каире

Львы на мечети Мухаммеда Али

Львы в цитадели Саладина.

Минареты мечети Мухаммеда Али в Каире

Мусульманский фонтан

Панорама Каира

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат